Спорт

Шахматшылар Абай жүлдесіне таласты

Абай орталығында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдауға және мәслихаттардың 30 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан Абай жүлдесіне арналған облыстық турнир өтті.

Оған 4 ер, 5 әйел қатысты. Жарыс айналым жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша ерлер арасында I орынға Қазбек Айтқалиев, II орынға Едіге Досқалиев, III орынға Есімхан Табылдыұлы, әйелдер арасында I орынға Ақмарал Бокирова, II орынға Әсемгүл Сарсекова, III орынға Айсана Өтегенқызы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен медальдар табысталды. Жарысқа қатысқан өзге де қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button