
Спорт
Құлсарыда жаңа спорт кешені ашылды
Құлсары қаласында №1 шағынауданында жаңа спорт кешені салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, спорт кешенінің жалпы көлемі 1543,5 шаршы метрді құрайды және екі қабаттан тұрады. Мұнда қала жастары футзал, дзюдо, бокс және күрес секілді спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сонымен қатар, 150 орындық көрермендер залы мен жаттығу залы бар.

Спорт кешенінің негізгі залы футболға арналып, барлық қажетті жабдықтармен және арнайы төсенішпен қамтамасыз етілген. Нысанның ашылу салтанатына Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Айта кету керек, кешеннің құрылысын «Sala» ЖШС мердігер компаниясы жүзеге асырды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ