Жарнама
Спорт

Құлсары қаласында өткен «Jylyoi Open» шахмат турниріне 100-ден астам қатысушы жиналды

Спорттық іс-шараның бас демеушісі — «Теңізшевройл» компаниясы (ТШО).

Құлсары қаласы Жылыой ауданының зияткерлік орталығына айналып, ашық форматта өткен «Jylyoi Open» шахмат турнирінде 100-ден астам шахматшыны қабылдады. Турнир 9 жастан 81 жасқа дейінгі әртүрлі жастағы қатысушыларды зияткерлік даму мен салауатты өмір салтына ұмтылыс арқылы біріктірді.

Турнирдің мақсаты — шахматты халық арасында насихаттау, зияткерлік сауаттылықты арттыру және барлық буын өкілдері арасында белсенді, саналы өмір салтының құндылықтарын дәріптеу. Жарыс Құлсары қалалық стадионында ашық форматта өтті.

Турнирдің ерекшелігі — қатысушылар екі санатқа бөлінді:

А санаты — 9 жастан бастап 61 жас және одан жоғары жастағы ойыншылар;

В санаты — «Jylyoi Open – 2023» турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Бір күнге созылған турнир қызу әрі қызықты тартыс жағдайында өтті. Қатысушыларды тіркеу осы жылдың сәуір айында басталды. Бұл — Жылыой ауданында өткізілген төртінші шахмат турнирі.

Атырау облыстық шахмат федерациясының өкілі, қазылар алқасының мүшесі Жанибек Амановтың айтуынша, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды:

«Ең жас қатысушы — 9 жастағы Нұрдәулет Әлихан «Болашағынан үміт күттіретін ойыншы» номинациясымен марапатталды. Ең егде қатысушы — 81 жастағы Ақылбай Жүкешев жастармен қатарлас ойын көрсетті. Жалпы турнирге 64 бала мен 22 ересек адам қатысты», — деп атап өтті ол.

Турнир нәтижесі бойынша Көптілеуов Мерамбай «Jylyoi Open – 2025» турнирінің абсолютті чемпионы атанды.

Жеңімпаздар төмендегі санаттар бойынша анықталды:

Ең тәжірибелі қатысушы — Айша Примқұлова

Ең үмітті ойыншы — Әлихан Нұрдәулет

18 жасқа дейінгі қыздар — I орын: Шынбек Қарақат

Ерлер — I орын: Ләуедин Әлібай

Әйелдер — I орын: Еспенбетова Гүлдана

61 жастан асқан қатысушылар (сеньорлар) — I орын: Бекесов Нұрлан

13 жасқа дейінгі ұлдар — I орын: Тыныштық Әбілсейт

18 жасқа дейінгі ұлдар — I орын: Жанабаев Данияр

13 жасқа дейінгі қыздар — I орын: Ермекбай Ләйлә

«Jylyoi Open» турнирі жаңа таланттарды анықтауға мүмкіндік беретін алаң ғана емес, сонымен қатар шахматтың жас ерекшелігін талғамайтын интеллектуалдық мерекесіне айналды.

Зияткерлік бастамаларды қолдау арқылы ТШО Жылыой ауданы мен бүкіл Атырау облысындағы жергілікті қауымдастықтарды дамытуға және адами капиталға инвестиция салуға деген ұстанымын көрсетіп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button