Жарнама
Спорт

Қазақстан Харбиндегі фристайл-акробатикадан күміс алды

10 ақпанда Азия ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалық эстафетада Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Республика Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, біздің спортшылар тамаша техника мен үйлесімді командалық жұмысты көрсетіп, жарыс чемпионы атанған Қытай құрамасынан ғана ұтылды.

Бұл бағдарламада ел намысын Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қорғады.

Қорытынды есепте қазақстандық спортшылар 235,39 ұпай жинап, осы көрсеткіш оларға күміс медаль алып келді. Бірінші орынды Қытай иеленсе, Жапония үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Аяна Жолдас жеке жарыста үшінші орын алған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button