Олимпиада: 6 тамызда қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түседі?
Париж Олимпиадасында 6 тамыз, сейсенбі күні қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, құзға өрмелеу және бокс секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.
Жеңіл атлетика
13:50. Кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру. Ерлер. Жұбаныш кезеңі. Давид Ефремов
00:14. 3 шақырымға жүгіру. Әйелдер. Финал. Нора Джеруто
00:40. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Финал.
Байдарка мен каноэде есу
14:00. Іріктеу. 17:20. Ширек финал. Марина Бровкова, Руфина Искакова
14:00. Іріктеу. 17:50. Ширек финал. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров
14:30. Іріктеу. 18:30. Сергей Токарницкий, Беарыс Раматулла
Грек-рим күресі
14:00 (Іріктеу), 21:15 (Жартылай финал, финал). Демеу Жадраев (77 келі)
Құзға өрмелеу
16:00. Жылдамдық. Ерлер. Іріктеу. Әмір Маймұратов
Бокс
1.02. 50 келі. Жартылай финал. Назым Қызайбай — Ву Ю (Қытай)
Олимпиадада 5 тамыздағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.