Олимпиада-2024: Алтыншы орынға да бонус бар
Қазақстанда жүлделі орындарға ие болған олимпиадашылар мен паралимпиадашылар ақшалай сыйақы мен пәтер алады, — деп хабарлайды atr.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Олимпиада ойындарында елге алтын әкелген спортшы 250 мың доллар алады.
Олимпиада жүлдегерлері үшін де жүлде қоры белгіленді: күміс медаль үшін 150 000 доллар, қола үшін 75 000 доллар.
4, 5 және 6-орындарға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде бонустар қарастырылған.
Сонымен қатар заңда жеңіп алған медальдарға сәйкес пәтерлер бөлу қарастырылған.
Бұған дейін белгілі болғандай, бокс федерациясы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиададағы нәтижеге байланысты Қазақстан құрамасының мүшелеріне берілетін сыйақы көлемін жариялаған болатын.
1-орын: 220 мың доллар (98 млн теңге)
2-орын: 120 мың доллар (53,6 млн теңге)
3-орын: 70 мың доллар (31,3 млн теңге)
4-орын: 30 мың доллар (13,4 млн. теңге)
5-орын: 10 мың доллар
Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар кеңесі орын алған боксшының сыйлығының 30 пайызына тең қаржылай сыйақы алады.
Қ.Шәкіров