
Нәзік жандар сынға түсті
Бүгін «Omar Arena» спорт кешенінде облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін «Бірлік пен күш: Іскер әйелдер волейболы» турнирі өтті. Турнирде кәсіптерін дөңгелетіп жүрген нәзік жандар белсенді болып, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Тартысты өткен турнирде бірнеше секцияға бөлінген командалар өзара кім мықтыны анықтады.
Жарыстың нәтижесінде
“Әйел және білім” секциясы I орын, “Әйел және EVENT” секциясы II орын, “Әйел және бизнес” секциясы III орынға ие болды.
Кәсіпте ғана емес, спортта да үздік екендерін көрсеткен қатысушылардың арасында өзгелерден оқ бойы озық болып, турнирдің үздіктеріне берілетін арнайы аталымдарға ие болды.
Айталық, Хожаева Айгерім, Байдуллиева Нұргүл, Жамишева Қаракөздер «Үздік ойыншы» аталымына, Жұматина Алтын, Жақсыбаева Айгерім, Меңдыхан Жанна «Үздік шабуылшы» аталымына, Нысанбаева Айдана, Қалиева Эльза, Турежанова Айнұр «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болып, мерейлері өсті. Саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ
Скрет: freepik.com