Спорт
Мейіржан Шермаханбет Азиада финалында жеңіліп, күмісті қанағат тұтты
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кілемге шықты.
Тартысты өткен белдесу барысында Мейіржан медициналық көмекке де жүгінді.
Ақыры 4:3 есебімен жапондық балуан жеңіске жетсе, Мейіржан Шермаханбетке күміс бұйырды.
Тағы бір қазақстандық Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде солтүстіккореялық Ри Се Унге 1:2 есебімен жол берді.