Марафон мәресіне жетті
Жексенбіде жүгіруден Атырау марафоныұйымдастырылып, оған 2 мыңнан астам облыс тұрғындары мен республиканың әр аймағынан келген марафоншылар қатысты.
Алты жыл бұрын бастау алған жарысқа қатысушылар Сұлтан Бейбарыс алаңына жиналып, жаттығу жасады. Денелерін қыздырып алған соң бастапқы аймаққа жиналды.
Бұл жарыстың жылдан-жылға кең өріс алып кележатқанын қатысушылардың жүздеріндегі ерекшемерекелік көңіл-күйлерінен-ақ анық аңғаруға болады.
Алдымен бастапқы аймақта 42.2, 21.1, 10, 5 шақырым қашықтыққа жүгірушілер сапқа тұрып, санаулы минут салып кезек-кезек жарыс алаңына беттеді.
Жарыс басталған соң 23 минутқа жетпейтін уақытта 5 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Еркебұлан Аташев пен әйелдер арасында Әсем Абдуғажиева жарыстың абсолютті жеңімпазы атанып, алғашқы жүлдегерлер анықталды.
Одан соң 10 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Есенбол Жаңабек пен әйелдер арасында Толқын Нұрышева мәре сызығын бірінші боп кесіп, абсолютті жеңімпаз атанды.
Ал, 21 шақырымға жүгіруден ерлер арасында Ислам Аманқос пен әйелдер арасында Ақбілек Құралбай қарсыластарын шаң қаптырып, абсолютті санат бойынша жеңімпаз деп танылды.
Толық марафон аталатын 42.2 шақырымда ерлерарасында Данияр Орманғали мен әйелдер арасындаДария Неделкина жүгіру алаңын сәтті айналып өтіп, санат бойынша абсолютті жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, жарыста 16-24, 25-29, 30-39, 40-49, 50-59, +60 жас санатындағы ерлер мен әйелдер арасындаI, II, III орын иелері анықталды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сертификаттармен, грамотамен, естелік медальдармен марапатталды.
Алмас Қабдолов