Мəдениет жəне спорт министрі Теннис орталығында болды (ФОТО)

Басты жаңалық Спорт

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Атырау облысына сапары барысында былтырғы жылы жаңадан ашылған Теннис орталығында болып, теннисші жас өрендермен кездесті.

_EAC8251

Былтырғы жылы толықтай пайдалануға берілген теннис орталығы халықаралық стандартқа сай салынған орталық. Аталған кешенде 8 теннис корты бар. Оның төртеуі жабық алаңда орналасса, қалған төртеуі сырт алаңда орналасқан. Халықаралық жарыстарды өткізу үшін 300 орынды трибунасы бар. Сондай-ақ, орталықта тренажер залы, конференц зал, асхана, жуынатын бөлмелері іске қосылған.

_EAC8368

_EAC8342

Бұл жерде бір уақытта 600 спортшы жаттыға алады. Жабынды Рио-де-Жанейродағы олимпиада алаңдарында корттарды дайындауға тартылған испаниялық мамандар жасаған.
Осы орталықты аралап, жасөспірімдердің ойынын тамашалаған министр Арыстанбек Мұхамедиұлы болашақта Атырау өңірінен теннисші-чемпиондар шығатынына сенім білдірді.

_EAC8291

– Атыраулықтар сегіз жыл бойы асыға күткен теннис орталығының жұмысы көңілден шығады. Болашақта Атырау қаласында талантты теннисшілер болатындығына күмәнім жоқ. Бұл кешенде тәрбиеленген спортшылар халықаралық ареналарда өнер көрсететіндігіне сенімдімін, – деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған