Спорт

Кубок Атырауға бұйыра ма?

Бүгін, 19 маусымда «Атырау» – «Тобыл» және «Елімай» – «Ақтөбе» командалары арасында Қазақстан Кубогының жартылай финалдық ойындары сарапқа салынады.

Spot.kz сайтының хабарлауынша, «Атырау» — «Тобыл» командаларының алғашқы ойыны қостанайлықтардың аз ғана басымдығымен аяқталған еді. Тартысты өтеді деп жоспарланып отырған ойын сағат 18:00-де тікелей эфирден көрсетіледі.

Ал 20:00-де семейлік «Елімай» командасы «Ақтөбеге» жауапсыз екі гол соғуға тырысып бағады.
Екі жекпе-жектің тікелей көрсетілімі QFL сайтында өтеді деп жоспарланған.
Еске сала кетсек, алматылық «Қайрат» командасы Қазақстан Кубогының бірнеше мәрте иегері, елордалық «Астана» және «Жеңіс» клубтары үш рет жеңімпаз атанған. Қостанайлық «Тобыл» командасы тарихында екі мәрте Кубок иегері атанса, «Атырау» және «Ақтөбе» командалары бір-бірден жеңіс тұғырына көтерілген.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button