Жарнама
Спорт

Көшпенділер ойындары көшпелі халықтың дала мәдениетін жандандырған халықаралық форумның бір бөлшегіне айналды

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ең ауқымды көрме өтіп жатыр.  18 шілде күні Қазақстанның АӨК-дегі ең ауқымды және көптен күткен іс-шаралардың бірі — «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрмесі-демонстрациясы басталады. Дәстүрлі «Дала күні» форматында өтіп жатқан көрме іс-шарасында туризм және спорт бағыттары да тыс қалмады. Іс-шараның ресми бөліміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.

Дала мәдениеті көшпенділер дәстүрінің негізі екенін біледі. Осындай месседжді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да қолдады. Өз кезегінде, ойындарға жауапты Дирекция «Jańa Dala / Green Day 2024» аясында агрофорумда экспозициялық көрме ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуымен Наиль Нуров басшылық ететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция мамандары екі күндік форумда агроөнеркәсіп кешені мамандарын Ойындармен таныстырып, жылдың маңызды бәсекесінде бірге болуға шақырды. 

Іс-шара Ақмола облысының Ақкөл ауданында, Еңбек ауылында, өңірдің ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтарының бірі – «Еңбек» ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтеді.

Айта кетерлігі, алқап күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Республикадағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады. 

Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарланудаАстанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

***

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Назым Рысбетова

8 701 208 18 11

Айғаным Мұқатай

8 747 661 98 93

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:

Инстаграмм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/ 

Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024  

YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024 

Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1 

Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu 

Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button