Жарнама
СпортФОТОГАЛЕРЕЯ

Каратеден өткен чемпионатта атыраулықтар 12 медаль алды (+ФОТО)

Атырауда жастар арасында каратеден өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хбарлады. Еліміздің 14 өңірінен 300-ден аса спортшы бақ сынасқан сайыста Атырау облысы 3 алтын, 2 күміс және 7 қола медальға ие болды.

Жарыстың бірінші күні кадеттер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде Абзал Асқарұлы қола медаль иегері атанды. Екінші күні юниорлар арасында 55 келі салмақта Батырғали Файзолла, 61 келіде Жақсылық Қайырлыбек, қыздар арасында Жалғас Ұлмекен қола медаль еншіледі. Алина Сұлтанова күміс медаль жеңіп алды.

Жарыстың үшінші күні Әбілмансұр Батырғали 67 келіде чемпион атанып, өз мықтылығын дәлелдеді. 60 келі салмақта сынға түскен Нұрсұлтан Қалиев күміс жүлде алып, Нұрбек Кенжебай ел чемпионы атанды.

Ката бағдарламасы бойынша кадеттер арасында Квон Валерия чемпион атанып, Карина ​ Крешневская​ ​ ​ ​ қола жүлдеге ие болды.

Командалық ката бағдарламасында Джамиль Багитов, Гизатулла Ильясин, Аян Әбілхайыр және қыздар арасында Карина Крешневская, Валерия Квон, ​ Айна Азизова қола жүлдеге ие болды.

Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Еске сала кетелік, 1-3 сәуір аралығында Атырауда каратеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионаттың ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов қатысып, спортшыларға ​ лебізін жеткізді.

WKF каратэден өткен чемпионатқа кадеттер, юниорлар және жастар қатысты.

img 20220402 wa0018
img 20220402 wa0015
img 20220402 wa0019
img 20220402 wa0017
img 20220402 wa0016
img 20220402 wa0022
img 20220402 wa0021

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button