
Спорт
Каратэден әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай тарихи алтынға қол жеткізді
Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан каратэшілері тарихта алғаш рет ел қоржынына алтын медаль салды. Оны 50 келіге дейін салмақта Мөлдір Жаңбырбай иеленді. 60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай екінші болса, Дидар Әмірәлі (67 кг дейін) әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.