Капитан жеңіс сыйлады
Қарағандыда өткен Қазақстан Премьер-Лигасының оныншы турында елордалық «Жеңіс» пен «Атырау» футбол командалары ойнады.
Жекпе-жекте екі жақтың ойыншылары аянып қалған жоқ. Алайда атыраулық қонақтар ғана өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған болатын.
Екінші таймға дейін тартысты өткен кездесуде «Атырау» футбол командасының капитаны және «Жеңіс» қақпасына соққан жалғыз голдың авторы Игорь Стасевич есепті 1:0-ге жеткізіп командасына жеңіс сыйлады.
– Бірінші таймда қарсыластардың қақпасына алыстан қауіпті соққылар жасау арқылы қауіп төндіруге тырыстық. Ойын барысында біз команданың айып алаңында кідіріп, соққыларға бос кеңістік беретінін аңғардық. Екінші таймда біз өз білгенімізден жаңылмай, жеңіске жеттік, — деді И.Стасевич.
Чемпионат маусымының басында «Атырау» командасы көп ұпай жоғалтқанмен, қазір бәрі оң өзгеріс алып келе жатыр. Оған «Астана» командасын ұтып, «Ордабасымен» тең түсуі, «Жеңістен» жеңісті жұлып алғаны септігін тигізді.
– Біз чемпионаттың басында жақсы ойын өрнегін көрсеттік деп айтуға келмес. Бір жерде сәттілік серік болмаса, енді бір жерде шеберлік жетіспеді. Әр матчта жеңіске жеткен жақсы, бірақ Қазақстан Кубогінде «Тобыл» командасынан ұтылып, жеңістің ащы дәмін де таттық, — деді команда капитаны.
Сонымен 13 ұпай еншілеген «Атырау» командасы турнир кестесінің ортасынан ойып тұрып орын алды. Алдағы кездесулерде мұнайшыларға жеңіс ауадай қажет.
Алмас ҚАБДОЛОВ
Сурет: sports.kz