Жарнама
Спорт

Исатайлық дзюдошы қола жүлдені еншіледі

Атырау қаласында дзюдо күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Жас диномашылар» республикалық ашық турнирі өтті. Өткен сенбіде ұйымдастырылған бұл додада еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам дзюдошы бақ сынасты.

Тартысты өткен турнирге «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті де қатысып, нәтижесінде Анель Серікқали 63 келіден жоғары салмақта қола жүлдегер атанды.

–Екі күнге созылған республикалық турнир жоғары деңгейде өтті. Кіл мықтының арасынан қола жүлдеге ие болған шәкіртім Анель спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады. Бұған дейін де ол республикалық турнирлерден, шет мемлекеттер Ресей, Өзбекстан елінде өткен жарыстарда жүлде алып жүр. Қыркүйек айында ел біріншілігіне іріктеу өтеді, оған да қызу дайындық үстінде. Шәкіртім – болашағынан көп үміт күттіретін спортшылардың бірі. Сондықтан оның әлі де жеңіс тұғырынан көрінетініне сенімдімін , -деді олжалы оралған жас спортшының жаттықтырушысы Эльдар Сатанов.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button