Жарнама
Спорт

Индерде 6 спорт алаңы пайдалануға берілмек

Индер ауданында жаңадан 6 балалар спорт алаңының құрылысы басталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

— Қазіргі уақытта Индербор кентіндегі Көктем қазақ-орта мектебі мен М.Әуезов атындағы орта мектеп аулаларына спорт алаңдары салынуда. Жоба бойынша онда шағын футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, сонымен қатар воркаут пен көше жаттығу алаңы қарастырылған. Сондай-ақ алаңдарға жарық жүйелері жүргізіліп, арнайы бейнебақылау камералары орнатылады, — деді Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дарын Ілиясов.

Ал Елтай, Көктоғай, Аққала, Құрылыс ауылдарында балалар спорт алаңының құрылысы басталды. Бұл нысандарда жобада көрсетілгендей шағын футбол, демалыс және балалар ойын алаңын салу жоспарланған.

Д.Ильясовтың мәлімдеуінше, жаңа алаңдардың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button