Жарнама
Спорт

Футболдан Қазақстан кубогінің жартылай финалы өтеді

Бүгін, 29 мамыр күні футболдан Қазақстан кубогінің алғашқы жартылай финалдық кездесулері өтеді, — деп хабарлайды Sports.kz ақпараттық порталы.

Футбол сүйер қауым сағат 18:00-де Қостанай қаласында өтетін «Тобол» мен «Атырау» құрамаларының ойынын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Ал сағат 20:00-де Ақтөбе қаласында «Ақтөбе» мен «Елімай» футбол клубтарының матчы басталады. Бұл ойынның тікелей көрсетілімін «Q Football» және «Q League» телеарналары ұйымдастырады.
Айта кету керек, Қазақстан кубогінің жартылай финалында текетірес екі ойыннан тұрады: қарымта кездесулер 19 маусымға жоспарланған.
Турнирдің жартылай финалистерінің соңғы көрсеткіштерін айта кетсек, олар өткен аптада Лига кубогінде ойындар өткізді. «Тобол» «Жеңіс» футбол командасына есе жіберді (0:2), «Атырау» өз алаңында «Ордабасы» құрамасымен тең ойнады (0:0). Сондай-ақ, «Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» (2:0), ал «Елімай» өз жанкүйерлері алдында «Тұранды» жеңді (3:0).

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button