Жарнама
Спорт

Бразилия — футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы

Бразилия құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы атанды. Олар бүгін финалда Аргентинадан басым түсті. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.

Кездесу барысында бразилиялық құрама алдымен екі гол соғып кетті. Олардың қатарынан Феррао 6, Рафа 13-минутта мергендік танытты.

Ал 39-минутта аргентиналық Матиас Роза есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.

Осылайша Бразилия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, алты дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Олар бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жеңіс тұғырына көтерілген еді.

Ал Аргентина соңғы екі әлем чемпионатында қатарынан финалға шыққанымен, екеуінде де күміс жүлдені қанағат тұтты. 2016 жылы чемпиондыққа қол жеткізді.

Ал 3-орын үшін ойында Францияны 7:1 есебімен тізе бүктірген Украина қола жүлдегер болды.

Биылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы биыл D тобында сынға түсті. Алдымен Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді.

Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Ширек финалда ел құрамасы Аргентинаға 1:6 есебімен жол берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button