Жарнама
Спорт

Бөдене ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

Индер ауданы Бөдене ауылында тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаны жүзеге асырушы мердігер – «ARSM» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастауға қажетті рұқсат құжаттары толық рәсімделген. Құрылыс мерзімі – 8 ай.

8d40a487 f2ab 4d7e b478 48bab53f4d53

Жоба аясында кешеннің ішінен күрес және бокс залдары, жаттығу залы, көпфункционалды спорт залы, тренерлер бөлмесі, гардероб және санитариялық тораптар қарастырылған.

⁃   Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындары үшін спортпен тұрақты айналысуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мол мүмкіндік туады. Бұл  ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға сеп болмақ, - деді аудандық Құрылыс бөлімінің басшысы Дарын Ілиясов.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында іргетас тіректерін орнатуға бағытталған жер қазу жұмыстары жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button