Жарнама
Спорт

АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНДА ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМАНДА АЛТЫНШЫ МЕДАЛЬДІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында шахматтан (ТҚАЗ) қазақстандық команда қола жүлдені еншіледі.

 1-орын – Индонезия командасы, 2-орын – Филиппиннен келген команда. Қазақстандық командада Әлімжан Аяпов пен Серік Солтанов бар. Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды. Оның нәтижесі-15,74 м. Сондай-ақ, осы санатта қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды, ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды. Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін, — деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұл Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі. Одан бөлек, бүгінгі бәсекеде Қазақстан спортшысы Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен қола медаль жеңіп алды. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол 203 кг зілтемірді көтерді.

Бірінші орын Иордания спортшысына бұйырды, ол 242 кг көтерді, ал екінші орынды 225 кг нәтижемен қытайлық иеленді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button