Жарнама
Спорт

Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Атырауда ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне жасөсіпірімдер арасында  дзюдодан республикалық ашық турнир өткізілді. Өңірдегі №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің залында ерекше рух пен патриоттық атмосфера орнады. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және интернационалист-жауынгерлердің рухына арналған қызу жарыс екі күнге созылды.

Бұл турнир – жас спортшылар үшін тек шеберлікті шыңдау алаңы ғана емес, сонымен қатар батырлық пен отансүйгіштікке тағзым ету мүмкіндігі. Спортшылар өз өнерімен өткенге құрмет көрсетіп, болашаққа үмітпен қарайтынын анық дәлелдеді.

Жарысқа еліміздің алты өңірінен 250-ге жуық дзюдошы қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде спортшыларға жүрекжарды лебізін ауған соғысының ардагері Әлішер Құлов білдірді: «Сіздер жай ғана татамиге шығып тұрған жоқсыздар — сіздер ерлік дәстүрін жалғастырып келесіздер. Бізжастарға сенеміз. Бұл турнир – біздің майдандас достарымыздың рухына арналған маңызды шара. Әрқайсыңыз Қазақстанның намысын лайықты қорғайсыздар деп сенемін, — деді ол.

Турнирге қатысқан Аян Сайлаубай дзюдомен үш жылдан бері шұғылданып келеді. Ол өз арманы – басты спорттық тұғырды бағындыруды мақсат етіп келген. «Қарсыластарым мықты, бірақ өз мүмкіндігімді толық көрсетемін деген ойдамын. Мен олимпиада чемпионы болғым келеді, сол жолда талмай еңбектенемін», — дейді Аян.

Аружан ҚАБДОЛОВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

«Журналистика» мамандығының IV курс студенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button