Спорт

Атыраулық спортшы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола медаль иеленді

Алыш күресі бойынша сынға түскен атыраулық спортшы Нұржан Сәрсенғалиев бүгін қола медаль иеленді.

70 келі салмақта белдескен спортшы моңғол, жапон палуандарын айқын басымдықпен жеңді.
Айта кету керек, Нұржан Сәрсенғалиев бұған дейін алыш күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, Әлем кубогында қола жүлдегер атанған болатын.

Әлемнің 35 елінен 192 спортшы 12 салмақ дәрежесінде күш сынасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button