![Атыраулық спортшы бокстан ел чемпионы атанды! 1 3fba1ecb a0bd 4541 b968 5cdc6843a032](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/3fba1ecb-a0bd-4541-b968-5cdc6843a032-780x470.jpeg)
Спорт
Атыраулық спортшы бокстан ел чемпионы атанды!
Шымкентте жасөспірімдер арасында бокстан ҚР чемпионаты өтті.
Онда 2011-12 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынасты. Салмағы 70 келіден асатын ел чемпионы болып атыраулық Перизат Мәлік танылды! Ал турнирдің қола жүлдегерлері Перизаттың жерлестері болды, олар — 49 келіге дейін — Вероника Литвинова және 61 келіге дейін — Алиса Жиенғали. Айта кетейік, оларды Әлібек Көшенов жаттықтырады. Ол — сонау тоқсаныншы жылдардағы белгілі каратэші Болат Көшеновтың ұлы.