Жарнама
Спорт

Атыраулық оқушылар гандболдан жүлдеге ие болды

Астана қаласында VII-VIII сынып оқушылары арасында өтіп жатқан Ұлттық мектеп лигасында Атырау облысы Индер ауданының оқушылары гандболдан ІІ орынды иеленіп, өте жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, бұл команда 2022 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық Ұлттық мектеп лигасында І орынды, 2023 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық Ұлттық мектеп лигасында IV орынды иеленген еді. Биыл Павлодар қаласында өткен 13-15 жас оқушылар арасындағы республикалық ХII жазғы гимназиадада ІІІ орынды иеленді.

–Мектеп оқушыларының осындай жоғары нәтижеге жетуі – ол алдымен дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің, балалар жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының спорттық үйірмелерінің және бұқаралық жарыстардың көптеп ұйымдастырылуының нәтижесі, – дейді облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми тәжірибелік орталығының бөлім басшысы Хангелді Байтілеуов.

Сондай-ақ республикалық мектеп лигасында VII-VIII сынып ұлдар арасында баскетболдан Атырау қаласындағы №16 мектеп-гимназиасының оқушылары ІІ орынды иеленді.

Айта кету керек, жыл сайын республикалық Ұлттық мектеп лигасы мен оқушылар гимназиадасында Атырау облысының оқушылары баскетболдан жоғарғы орындардан көрініп келеді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button