Спорт
Атыраулық Ерхан Мұрат Еуропа чемпионы атанды
Атыраулық Ерхан Мұрат Еуропа кубогінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Хорватияның Загреб қаласында 10-12 наурыз аралығында дзюдодан 2006-2008 жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған байрақты бәсекеге 35 елден үздік татами шеберлері қатысты. 50 келі салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғаған Е.Мұрат Италия, Украина, Грузия, Израил, Венгрия мемлекетінен келген қарсыластыран басым түсіп, жеңіске жетті.
— Еуропа кубогіне дайындық жақсы өтті. Дайындықты біз Астана қаласынды ақпан айында өткіздік. Бұл төккен тер мен еңбектің нәтижесі. Ортақ жеңісіміз құтты болсын,,- деді дзюдошының жеке бапкері Сәлімгерей Нұрболғанов.
Айта кетейік, бұған дейін Ерхан Мұрат ҚР чемпионы атанған болатын.