Атыраулық баскетболшылар ҚР күзгі чемпионатында жүлдегер атанды
2012-2013 жылы туған балалар арасында өткен чемпионатта атыраулық баскетболшылар үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Жас спортшылар үшін бұл – алғашқы чемпионат әрі алғашқы жеңіс. Жарыс Ақмола облысы Щучинск қаласында 25-31 қазан аралығында өтті. Чемпионатта еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынады.
Қорытындыда атыраулық команда Астана баскетболшыларын 1 ұпаймен жеңіп, 12 балмен III орынды иеленді. Алматылық командалар 15 және 14 ұпаймен I және II орынды иеленді. Атыраулық Әли Жұмабай үздік ойыншы атанды.
«Жас спортшыларымыз биыл ғана ойнап бастады. Өзін көрсеткен ойыншылар бар, көрсете алмағандары да болды. Бұл командада қаланың ең үздік баскетболшылары топтасқан. Алдағы жарыстар мен чемпионаттарға облысымыз бойынша 11-12 жас аралығындағы ұлдарды іріктейтін боламыз», — дейді Атырау облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Саламат Тургаев.