Жарнама
Спорт

Атыраулық балуан қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

12-14 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысты.

Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың соңғы күні жасөспірімдер арасында сынға түскен атыраулық спортшысы Аманұлы Ақылбек 50 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атағына ие болды.

Ақылбек іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, жартылай финалда Грузин балуанын, ал ақтық сында Үнді балуанын ұтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button