Жарнама
Спорт

Атыраулық Әбіл Галиев муайтайдан өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Мамырдың 3-14 аралығында Тайландтың Бангкок қаласында муайтайдан өткен Әлем чемпионатында атыраулық Әбіл Галиев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы Әлем чемпионатына 110 елден 2500-дің үстінде спортшы қатысты. Чемпионат ересектер (А класс) мен U-23 (В класс) екі жас ерекшелігі бойынша өтті.

Ә.Галиев Өзбекстан, Израйль, Италия спортшыларын ұтып, ақтық сында Түрік спортшысына есе жіберді.

-Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Осы спортта жүргеніме 13 жыл болды. Бірінші дайындығым Атырау қаласында, кейін екі апталық дайындық Тайланд елінің Самуй деген аралында болды. Жаттықтырушыларым Қайсар спорт клубының бапкерлері Мейрам, Ислам Галиевтерге алғыс айтамын. Енді қазан айында өтетін Азия ойындарына қатысамын, — деді Ә.Галиев.

Еске салайық, Ә.Галиев жастар арасында Әлем чемпионы, Азия орындарының күміс жүлдегері.

Айта кетейік, аталған додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қолаға қол жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button