Атыраудың 382 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды 

ca69b9c6 0cb6 41dc b0fd aacd1ceda439 Спорт

Айтулы мереке аясында алаңға велоспортшылар да шықты. Тайманов көшесінен старт алған қалалық біріншілікке елуге тарта спортшы қатысты. Олар 8, 15 шақырым қашықтық аралығында Лебедев, Гагарин көшелері арқылы жеңіс тұғырына қайта оралды. Сенбілік демалысын мәдени, бұқаралық шараларды тамашалаумен өткізген атыраулықтардың көңіл-күйі көтеріңкі.  

3bf4a8e7 ac20 4d81 8640 f6d61df3ac7b

Жарысқа қатысушылардың қатарында велосипед спортын ұнататын әуесқойлар да бар. Атырау қаласының тұрғыны Алмагүл Бөлеева бала кезден велосипед тепкенді жаны сүйеді. Бұған дейін ешбір жарыстарға қатысып, бақ сынап көрмегенмен үйі мен жұмысының арасында екі дөңгелекті көлігімен қатынайды екен.

Бұл сайыс кәсіби спортшылармен танысып, хоббиінің қыр-сырын тереңірек білуге оң септігін тигізген.

«Өзім қала ішіне велосипедпен қатынай беремін. Бірақ кәсіби спортшылардың екі аяқты көліктері мүлде басқаша болады екен. Велоспортшы болмағандықтан мұндай жарыстарға бұрын-соңды қатысып көрмеппін. Дегенмен, қалалық біріншіліктің өтетіні туралы естіп, бағымды сынап көруге келдім. Барша атыраулықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бізге осындай жарысқа қатысуға мүмкіндік жасаған қала басшылығына алғысым шексіз»,-дейді ол. 

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз