
Спорт
Атырауда құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтеді
Бұл туралы Республикалық құсбегілік федерациясы өтеді.
24-26 ақпан аралығында Атырау қаласында еліміздің дәстүрлі, төл спорты құсбегіліктен ересектер арасында XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Жарысқа еліміздің 14 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысады. Чемпионаттың регламенті бойынша 3 түрлі спорттық құс (бүркіт, қаршыға, ителгі) арасында бәсеке болмақ.