Жарнама
Спорт

Атырауда Қазақстан әуесқой лигасы ойындары басталды

Атырауда аймақтардағы футбол инфрақұрылымын нығайтып, оның қоғамдағы беделін арттыру мақсатында Қазақстан әуесқой лига ойындары басталды. Іс-шара Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен өтіп жатыр. Іріктеу ойындарына қала, аудандардан құралған 12 команда қатысып, бақ сынайды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

img 0243 1

Турнир жеңімпазы келер жылы маусымда өтетін екінші лигаға жолдама алады. Сонымен қатар 2026 жылғы Қазақстан кубогына қатысып, ел намысын УЕФА аймақтар кубогында қорғайды.

-ҚФФ-ның стратегиялық мақсаты — Қазақстан әуесқой лигасын құру. Бұл бастама елдегі футболдың дамуын бірізді жүйеге түсіреді. Әуесқой деңгейден бастап кәсіпқой футболға дейінгі толық құрылым қалыптастыру көзделіп отыр, — деді Атырау футбол федерациясы президентінің орынбасары Эдуард Хисметуллин.

img 0245

Айта кетейік, футбол ойындары 11х11 форматында, күн сайын сағат 19:00-де «Мұнайшы» стадионында ұйымдастырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button