Жарнама
Спорт

Атырауда олимпиадалық спорттың 32 түрі дамып келеді

Атырау облысында олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыста олимпиадалық спорттың 32 түрі дамып келеді. 31 спорт мектебінде 15 мыңға жуық бала спорттың 21 түрімен айналысуда. Сонымен қатар мемлекеттік-спорттық тапсырыс аясында 19 мың бала тегін секцияларға қатысып жүр.

Олимпиадалық резерв орталығында — 235, ал мамандандырылған мектеп-интернатта 200-ден астам спортшы кәсіби дайындықтан өтуде.

– Жас спортшыларымыз әлемдік аренада жақсы нәтиже көрсетуде. Мәселен дзюдошы Абиба Абужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Дарья Чеснокова Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды. Спорт инфрақұрылымы да дамып келеді: 2022 жылдан бері 12 жаңа кешен ашылып, тағы 32 нысанның құрылысына 6,7 млрд. теңге бөлінді, – деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов.

2024 жылы Париж Олимпиадасына Атыраудан қос спортшы (дзюдо) жолдама алып, Абиба Абужақынова үздік бестікке енді. Ал Паралимпиадаға облыстан 16 спортшы қатысып, екі қола медаль жеңіп алды. Парадзюдошыларда 2 спортшы жүлдегер атанса, басқа қатысушылар да ұлттық құрама сапында лайықты өнер көрсетті.

Облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша клуб құрылып, спорт мектептері қыркүйектен бастап толық цифрлық жүйеге көшетінін де айта кетейік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button