Атырауда дәстүрлі садақ атудан қалалық ашық турнир өтті
Спорт күніне орай дәстүрлі садақ атудан қалалық ашық турнир өтті. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Дүбірлі додаға Атыраудан өзге Маңғыстау мен Оралдан келген 80 садақшы қатысты.Турнирде мергендер Орта Азия, Қалқан, Жамбы нысанасы бойынша бақ сынады.
Аталған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов арнайы қатысып, қала әкімі атынан құттықтау тілегін жеткізді.
— Садақ ату-ежелден бері қанымызда бар өнер. Осы ұлттық өнерді насихаттап, көк туымызды желбіретіп, үздік садақшыларды тәрбиелеп жүрген Батухан федарациясының басшысы Марат Бексұлтанұлына ризашылығымды білдіремін. Өңірімізде ұлттық спорт түрлері үлкен жетістіктерге жетіп жатқанын ерекше атап өткім келеді. Дүбірлі додада бақ сынайтын барлық қатысушыларға тек сәттілек тілеймін, — деді Н.Ермұханов.
Жарыстың нәтижесі бойынша 10 метр қашықтықта балалар арасында 1-орынға Абдулали Еркеғалиұлы, 2-орынға Асылтас Бекболат, 3- орынға Ісқақ Рукая ие болды.
20 метр қашықтықта жасөспірімдер арасында 1-орынға Саламат Ертүгел, 2 –орынға Нұрдәулет Үсенғали, 3-орынға Әлімжан Жәрдем ие болды.
Ересектер арасында 1-орынға Ғизат Салихов, 2-орынға Ақылбек Амантұрлыұлы, 3-орынға Асланбек Ұлықпанов ие болды.
Айта кетейік, қазіргі таңда садақ өнеріне қызығушылықпен айналысып жүрген 70-ге жуық, ал кәсіби түрде 30 адам бар.