Спорт
Аппарат басшысы чемпион атанды
Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиада басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аталған спартакиада да Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің аппарат басшысы Абуов Бекбол 74 келіде Чемпион атанды.
Айта кетсек, Б.Абуов мемлекеттік қызметпен қоса дзюдо және қазақ күресімен айналысады. 2023 жылы өткен спартакиаданың күміс жүлде иегері.
Биылғы Спартакиадаға 700-ге жуық мемлекеттік қызметші бас қосқан. Ұйымдастырушылар осы арқылы бұқаралық спортты кеңінен насихаттап келеді.
Алмас ҚАБДОЛОВ