Спорт

Әлемге танымал блогерлер келді

29 шілде күні 5-ші  Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік блогерлерге отандық туризмді дамыту перспективалары мен презентациясын және ұлттық спорт түрлері элементтерін көрсете отырып, кездесу өткізді. Іс-шараға 8 мемлекеттен, атап айтқанда, Таиланд, Малайзия, Қытай, Оман, Түркия, Әзірбайжан, Вьетнам, Италия және Қырғызстаннан 11 шетелдік блогер қатысты. 

Қатысушылар арасында малайзиялық Nur Ruhainies Farehah, Instagram-да 1,7 миллион және TikTok-та 738,7 мың жазылушысы бар актриса және жүргізуші, Қытайдан келген Wang Jianing, Xiaohongshu, Douyin және Weibo-да үлкен оқырманы бар фуд-блогер сияқты халықаралық блогерлер бар. 

Іс-шара аясында қонақтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұсынылатын қазақ күресі, құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ, мангала, овари, мас-рестлинг және дәстүрлі садақ ату спорт түрлерімен танысты. Бұл іс-шара еліміздің оң имиджін, туристік әлеуетін және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын миллиондаған шетелдік блогерлер аудиториясына насихаттауға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

***

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Назым Рысбетова

8 701 208 18 11

Айғаным Мұқатай

8 747 661 98 93

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:

Инстаграм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/

Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024  

YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024

Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1

Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu

Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button