Жарнама
Спорт

Атырау қаласының әкімі – облыстық шахмат федерациясының президенті!

Ғ.Ә.Айдаралиев атындағы облыстық шахмат федерациясы 2007 жылы құрылған болатын.

Ғабдрахман Әшімбайұлы 1925 жылы дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде психология мамандығы бойынша ұстаздық еткен. Жастарды шахматқа баулып, шахматқа үйреткен. Облыстың бірнеше дүркін чемпионы, спорт шеберлігіне кандидат болған. Жастардың тәрбиесіне үлес қосты. Ол кісі 2005 жылы дүниеден өтті. Ал 2007 жылы Ғабдрахман Айдаралиевтің інісі Ерболат Айдаралиевке Ғабдрахман Әшімбайұлының атына федерация ашуға ұсыныс айтып, федерацияны тіркеуден өтті.  Федерацияның ұйымдастыруымен көптеген жарыстар өткізілді. Облыстағы іргелі кәсіпорындармен, мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Олардың ішінде 2011 жылдан бастап «Теңізшевройл» компаниясымен байланыста болып ересектер мен балалардың арасынжа турнирлер өткізіліп келеді. Бұл шахмат турнирлері арқылы облыста шахмат спортының дамуына үлкен жол ашылды. Сонымен қатар, Атырау мемлекеттік университеті, Мұнай газ университеті, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, облыстық, қалалық спорт басқармаларымен, ҚР шахмат федерациясымен де тығыз байланыс орнаттық.

2013 жылы «NCOC» компаниясы «Привокзальный» шағынауданындағц №1 спорт мектебінен шахмат клубын жасақтадық. Ол жерде шахматтан бірнеше мәрте турнирлер өткізілді. Облыста федерацияның ұйымдастырған жарыстарына қатысып, біліктілігін көрсетіп келетін дарынды, қабілетті шәкірттер тәрбиеленіп келеді. Олардың арасында 2009 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Жәнібек Аманов. Халықаралық, Республикалық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Серік Кенжиев, ағайынды Нұрлан, Нұрбол Ғалымжановтар, Абдуллаев Аят, Диляра Ғабитова, Абзал Әмірәлі, Алиасқар Рахманберді, Сержан Олжасұлы секілді шәкірттер бар. Сонымен қатар, ең үлкен жетістіктің қатарында 2019 жылы Атыраудан тұңғыш рет әлем чемпионы тәрбиеленіп шықты. Ол 10 жасар Зарина Нұрғалиева, №19 мектептің оқушысы. Осы жылы Зарина Нұрғалиева «Спорт шебері» атағын алды.
Қазіргі таңда  Ерболат Абуханұлы, Федерацияның құрметті Президенті ретінде тағайындалды. Ал Федерацияның жаңа Президенті болып Мейірім Қалауи тағайындалды.

Мейірім Жоламанұлы 2017 жылдан бері Федерацияға қолдау көрсетіп келеді. Мейірім Жоламанұлының көмегімен 2018 жылы Атырауда тұңғыш рет «Қазақстан чемпионаты» өте жоғары деңгейде өтті. «Қала әкімі» кубогі сарапқа салынған жарыста да үлкен қолдау көрсетті.
Мейірім Жоламанұлы шахматты одан әрі дамытуға, дамыту үшін көптеген міндеттер мен жоспарлар тұрғанын айтты.  Басты қозғалған мәселе қаламызда қазіргі заманға сай жаңа технологиялармен, электронды құралдармен жабдықталған шахмат клубын ашу, сонымен қатар, біздің дарынды балаларымызға қолдау көрсету, жағдай жасау. Мейірім Жоламанұлы мектептерде факультатив сабақтарын ашу жөнінде тапсырмалар айтқан болатын.

Шахматшылармен кездескенде қаламызда жоғары деңгейде шахматтан мықты турнирлер өткізуді қолға аламыз деп өз пікірін айтқан болатын. Облыс шахматшылары бұл азаматқа үлкен сенім білдіріп отыр.

Сабырбай Гайсин,

Ғ.Ә.Айдаралиев атындағы облыстық шахмат федерациясының вице-президенті

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button