«ЖАС ШАҢЫРАҚ БОЛСЫН БАҚЫТ БЕСІГІ!..»
Салтанат үйінің некеге тіркеуші қызметкері Гауһар Рамазановадан білгеніміздей, үстіміздегі айда елу шақты жұп өз некелерін қиып отыр.
— Жанұя құру – екі жастың өз тағдырларын бір-біріне сеніп тапсыруы. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, жеке отау тіктіңіздер. Осынау жас отаудың Қазақстан секілді бай-қуатты, тірлігі тату, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін. Армандар ақиқатқа айналған ару қаламыздың көркейіп, дамуына өз үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін, — деді Нұрлыбек Жұмахметұлы. Осыдан кейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Атырау филиалының директоры Нұрбол Құрман жас жұбайларға аталған банк бөлімшесіндегі жинақ ақшаны 1 миллион теңге көлеміндегі келісімдік бағамен рәсімдеу үшін берілетін сертификаттарды табыстады.
Жас отау иелері Жолдыбек Жұмабаев кедендік рәсімдеу ісінің маманы, зайыбы Амангүл «Мұнайқұрылыссервис ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде есепші болып қызмет етеді. Жыл жарым уақыт бойы кездесіп жүрген екеуі көңіл жарастығын некемен бекітуге шешім қабылдапты. «Адам өміріндегі ең маңызды сәттің Атырауымыздың мерейтойымен тұспа-тұс келгенін жақсылыққа балаймыз» дейді олар.
Ал, ІТ-технология саласының жас маманы Артур Абдулкеримов пен мұнайшы жары Кристина «Әлемде орын алып жатқан қиындықтар қазақтың ұлан-асыр тойына бөгет бола алмайды» дейді. Махамбет ауданы Ақжайық ауылының тұрғындары, Атырау мұнай және газ институтының түлегі Қайыржан Құбайдолла мен қаржыгер маман Аяжан Абайқызы да қалалық әкімдік тарапынан дайындалған тосын сыйға шексіз ризашылықтарын білдірді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Суретті түсірген автор.