Шаһар шырайы
Жағалаудағы жанталас
Атырау қаласы және ауылдық округтерде су тасқынынан келер қауіптің алдын алу үшін ауыл тұрғындары жаға бөгеттерін көтеріп жатыр.
Бұл үшін ерікті ер азаматтардан арнайы топ құрылды. Топта қазір 1000-ға жуық адам бар.
–Әр ауылдық округтің әкімшілігі техникамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, көмекке жергілікті тұрғындар да қолдарындағы бар құрал-сайман, қапшықтарын әкеліп жатыр, — дейді ерікті Нұрлыбек Даралиев.
Бұдан бөлек, облыс әкімшілігінің шешімімен, техника жетіспеушілі бар селолық округтерге, шағынаудандарға жедел түрде қажеттілікпен қамту жұмысы қарастырылуда. Айта кету керек, бөгеттерді биіктету мақсатында қосымша 1 млн. 300 мың қапшық жеткізілетін болады.
Хұсни ХАМЗА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ