
МәдениетШаһар шырайыҚоғам
Зарина – «Аstana Open» жеңімпазы
Жуырда Елордада ең ірі турнирлердің бірі саналатын «Astana Open-2018» шахмат фестивалі болып өтті.
Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 312 шахматшы қатысты. Шаршы тақтадағы бұл сайыста Атыраудың намысын Зарина Нұрғалиева, Аят Абдоллаев, Абзал Әмірәлі, Ержан Жетпістер қорғады. Жарыс қорытындысында №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Зарина Нұрғалиева 10 жасқа дейінгі қыздар санатында турнир жеңімпазы атанды.
Жас шахматшыны бұл турнирге халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жәнібек Аманов дайындады.
Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ