ТОМАРЛЫДА САЗ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ (+фото)

279078535 1593034011079076 1703525318667570787 n Шаһар шырайы

Заман талабына сай екі қабатты 150 орындық жаңа ғимараттың жобасын «СпецСтрой Согласование» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайындаған.

Бұл туралы біз Атырау қалалық әкімдігінен білдік. Бүгінде саз мектебінің құрылысы мемлекеттік сараптамадан өткен. Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиевтің айтуынша, қазіргі таңда жастар 1959 жылы іргесі қаланған ескі ғимаратта дәріс алып келеді. Сондай-ақ, ол жаңа ғимарат округ аумағына қарасты барлық елдімекендердің талант иелері үшін музыкалық білім алуға үлкен мүмкіндік тудыратынын жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

279105159 1593034087745735 3663633020442236633 n
279126365 1593033951079082 6051053051865644913 n

Ескі ғимараттың көрінісі:

279091244 1593034031079074 388332640013546257 n
279110416 1593033961079081 3470498988204767794 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз