СЫРЫМ ДАТОВ КӨШЕСІ ЖАБЫЛАДЫ!
Атырауда Сырым Датов көшесі қайта жаңғыртылмақ. Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 4,69 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, жол жөндеу жұмыстары бірінші аумақ — “Азаттық даңғылынан бастап Қиғаш көшесіне” дейін, екінші аумақ — “Баймұханов көшесінен Абдрахманов көшесіне” дейінгі
аралықты қамтымақ. Осы ретте, жол 7 шілде сағат 08:00 ден бастап жабылатындығын хабарлаймыз.
Жол құрылысын «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі жүргізеді.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде толықтай жолдың астыңғы қабаттары алынады. Сондай-ақ, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолы, 8 ашық және 4 жабық аялдама, заманауи көше жарық шамдарын орнату көзделген.
Сонымен қатар, қалалық автобус бағыттарының да қозғалысы уақытша өзгереді. Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады.