Жарнама
Шаһар шырайы

Сәуірде жол жөндеу жұмыстары басталады

Облыс орталығындағы тозығы жеткен жолдарды жөндеу жұмыстары сәуір айында басталады.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи “Каспиан ньюс” телеарнасында тұрғындармен өткізген тікелей эфир барысында атап айтты.

Орталық көшелердегі ойдым-ойдым болған жолдар атыраулықтардың өзекті мәселелерінің бірі болатын. Әсіресе, орталық және Тұрғындар қалашығы көпірлері алдындағы жолдардың шұрық-тесігін көлік жүргізушілері жиі сынға алған еді. Санаулы күндерден соң бұл проблема шешімін табатын болды. Шаһар басшысы  Мейірім Жоламанұлы қалада 25 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Ол үшін жергілікті бюджет қаражатынан 200 млн. теңге бөлініп отыр.

— Сәуір айынан бастап ойық жолдарды жөндеуді қолға аламыз. Мердігер анықталып, тендерлік процедуралар аяқталды, — деді Мейірім Қалауи тікелей эфир барысында.

Айбөпе Сабырова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button