Жарнама
Шаһар шырайы

Нөсерден кейінгі тазалық жұмыстары жалғасуда

Атырау қаласында толассыз жауған нөсерден кейін жиналған жаңбыр суын сорып, өңірдің қалыпты тіршілігін қалпына келтіру мақсатында шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы мақсатта 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, су басқан көшелер, арықтар мен әлеуметтік нысандар аумағы тазартылып жатыр.

Алдымен халық көп шоғырланған аумақтарға, әлеуметтік маңызы бар мекемелерге басымдық берілуде.

Қала тұрғындарының өтінімдері Атырау қалалық әкімдігінің ресми әлеуметтік желі парақшалары және 109 – Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылдануда.

Барлық өтінімдер назарға алынып, жауапты мекемелер тиісті шараларды қолға алуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button