Жарнама
Шаһар шырайы

«Менің атаулы ағашым» акциясы өтті

Атырау мұнай өңдеу зауытында «Менің атаулы ағашым» акциясы ұйымдастырылды. Зауыт басшылары мен құрылымдық бөлім жетекшілері қатысқан іс-шара барысында кәсіпорын саябағының аумағында 120 түп қарағаш, шаған, айлант және катальпа көшеті отырғызылды.

«АМӨЗ» ЖШС бас директоры Абзал Досжанов ағаш отырғызу тек зауыт аумағын абаттандыруға ғана емес, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсарту үшін де пайдалы, игі іс екенін атап өтті. Алдағы күндері бастау алатын санитарлық тазалау және абаттандыруға арналған жалпызауыттық науқан барысында да ағаш егу жұмыстарының жалғасатынын айтты.

Айта кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері қалалық және республикалық экологиялық акцияларға тұрақты түрде қатысады. Компания биыл да шаһар аумағын көгалдандырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды іске асыруын жалғастырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button