Шаһар шырайы

Маса мазаны қашырды

«Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы мен әлеуметтік желілеріне оқырмандардан Атырау қаласындағы маса мәселесіне байланысты сұрақтар көптеп түсуде. Бүгінде тұрғындар мен қала қонақтарының мазасын әбден қашырған масаны улау жұмыстары қаншалықты жүргізілуде? Көптің көкейіндегі осы сауалмен «Жедел сұхбат» аясында Атырау қалалық әкімдігіне хабарластық.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, қазір өңірдегі дезинсекциялық жұмыстарға 2 арнайы препарат қолданылып жатыр.

-Маса улау жұмыстарына жұмылдырылған техникалардың дезинсекциялық арнайы сұйықтықтары қатаң бақылаумен құйылады. Бұл жұмыстарды қадағалауға қалалық әкімдік тарапынан арнайы кезекшілік те ұйымдастырылған. Бүгінде 6 арнайы техника маса улау жұмыстарын жалғастыруда, — дейді Ғ.Төлеген.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button