Көргенде көресінді …МАСАЛАРДАН!

ngengshekngshenshe Шаһар шырайы

ҚАЗІР АТЫРАУЛЫҚТАРҒА КЕШКІЛІК УАҚЫТТА ДАЛАҒА ШЫҒУДЫҢ ӨЗІ МҰҢ БОЛЫП ҚАЛДЫ. ӨЙТКЕНІ, ЫЗЫҢДАҒАН МАСА ШАҒЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МАЗАСЫН АЛЫП ТҰР.

Атырау қаласында қансорғышпен күрес жұмыстары үшін 70 млн. теңге бөлінген. Бұл жылда қаралатын қаражаттың көлемі. Ал, мамандар «тиісті жою жұмыстары жүруде» дейді. Алайда, оған «пысқырып» жатқан маса жоқ. Сондықтан, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «AG Desinfection Services» ЖШС-і улауды күшейту бағытында жедел шешім қабылдап, пайдаланылатын химикаттарды ауыстыра бастады.

«Залалсыздандыру шараларын атқаруда алдымен облыс орталығындағы 1100-ден астам көп қабатты үйдің жертөлесі мен кіреберісіне, балалардың ойын алаңқайлары мен аялдамаларға, саябақтарға, сондай-ақ, қала аумағындағы ауылдық елді мекендерге мəн беріліп отыр. Қазіргі таңда масалардың көбеюіне байланысты улауды күшейту жұмыстары басталды. Арыз-шағымдар көп түсуіне байланысты бригадалар саны 6-дан 10-ға дейін көбейтілді» делінген Атырау қалалық əкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз