Жарнама
Шаһар шырайы

Көгалдандыру мәселесі басты назарға алынды

«Атырау қаласын көгалдандыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында «КДМС» ЖШС мекемесімен қала аумағы мен көшелерінде 100 мыңнан аса жасыл желек пен жасыл екпелерді (газон), көп жылдық және бір жылдық гүлдерді күтіп ұстау, дизенфекциялау жұмыстарын атқару үшін келісім-шарт жасақталған. Алайда бүгінде аталған келісім-шарт бойынша көгалдандыру жұмыстары жүйелі атқарылмай, кемшіліктер орын алды, – деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігі.

Қаладағы жасыл желектерді уақытында суару, артық бұтақтарын кесу, жапырақтары мен бұталарына зиянкестер түспеуі үшін кестеге сай дизенфекция жұмыстарын жүргізу, айналасындағы арамшөптерді уақытылы тазалау, қаланың алаңдарында көп жылдық гүлдерді күтіп ұстау, арамшөп өсуіне жол бермеу, жасыл екпелерді кестеге сай қырқу жұмыстарын жүргізуде кемшіліктер бар. Соған байланысты мекеме басшылығы және жұмысшылардың, қала әкімінің және қалалық әкімдіктің бөлім басшыларының, қалалық, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қала әкімі Шәкір Кейкин жауапты мердігер мекеме ұжымына ендігі кезекте көгалдандыру мәселесі өзінің және жауапты мекемелердің, қалалық мәслихат депутаттарының ерекше бақылауында болатындығын атап өтті.

Мұнайлы шаһардың көгалдануы тек қана қала келбеті емес, экологиялық қала ахуалына да әсер беретіндігі белгілі. Қала басшысы аталған жұмысқа жауапкершілікті күшейтіп, әр қызметкер өзіне белгіленген аумақта көгалдарды уақытылы суарып, арамшөптен тазалап, артық бұтақтарды кесіп, теректердің дұрыс пішінде өсуіне мүмкіндік жасап, жасыл екпелерді талапқа сай қадағалап, қала аумағындағы барлық теректі зиянкестерден қорғау мақсатында белгіленген мерзімдерде дизенфекция жұмыстарын жүргізу керектігін ескертті.

Осы жұмысқа аулаларында теректер өсіп тұрған барлық әлеуметтік нысандардың басшылары (мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орындары, колледж, ПИК-тері бар аулалар) біріккен түрде атсалысу қажеттігін және осы жұмыстарға жауапты “КДМС” мекемесіне талаптар қойып, біріккен түрде жұмыс атқару керек екендігін жоспарға енгізді.

Қалалық мәслихаттың депутаттары абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын бірлескен түрде бақылауды ұсынды.

Ендігі уақытта қалалық әкімдіктің дербес бөлімдері мен мәслихат депутаттары өздеріне бөлінген аумақта атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалап, тазалық жұмыстарына жауапкершілікпен қарамаған жауапты басшыларға шара қолданылатындығын, қажет болған жағдайда келісім-шартты қайта қарайтындығын шаһар басшысы атап айтты.

Кейін қала әкімі арнайы көліктердің техникалық жағдайларын тексеріп, мердігер мекеме басшысына көгалдандыру жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруын тапсырып, бұл жұмыстардың барлығы күн тәртібінен түспейтіндігін тағы да бір атап өтті.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button