КҮННЕН ЖАРЫҚ АЛҒАН ВЕЛОЖОЛ

Атыраудың мерейтойы күні ашылды

Атырауда күн энергиясынан қуат алатын веложол ашылды. 2017 жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне арналып салынған ені үш метрді, ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын бұл веложолды Атырау қаласы күніне арнап «Атырауинжстрой» ЖШС салған болатын.

 

Сонымен қатар, жанында асфальтталған жаяу жүргіншілер жолы да бар. Бұл жолдар «Меркур» автосалонынан басталып, «Атырау» халықаралық әуежайына дейін жалғасып жатыр.

Веложолдың ашылуына орай «Салтанат сарайы» кешені жанына атыраулық велосипедшілер жиналды. Сондай-ақ, шараға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы Қатимолла Ризуанов, ардагерлер Есен Тасқынбаев, Орынғали Қарасаев, Нұрпейіс Мақашев және басқалар қатысып, Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев пен ардагер Нұрпейіс Мақашев керілген лентаны қиды.

Велошеруге қатысушылар облыстық әкімдік ғимаратынан бастап, Қ.Сәтбаев даңғылы бойымен әуежайға дейін жүріп өтті.

Өз тілшіміз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз