ИТ АУЛАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

fb img 1663665551892 Шаһар шырайы

18-қыркүйек күні “Балауса” ықшам ауданында ит қабу фактісі орын алды.

«Атырау қалалық ветеринариялық стансасы» КМК-сі қапқан итті шұғыл түрде ұстап, 10 күн мерзімге карантинге оқшаулады. Зардап шеккен қала тұрғыны қазір облыстық ауруханада ем қабылдауда, жағдайы бірқалыпты.

Иттерді аулау қызметі “Балауса” ықшам ауданында 16-18 қыркүйек аралығында үш күнде 13 қаңғыбас итті аулаған. Тұрғынға зақым келтірген қаңғыбас ит емес, иесі бар ит екендігі анықталып отыр. Ит асыраушысына адам денсаулығына залал келтіру бойынша акт толтырылды. Сонымен қатар он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Құрметті қала тұрғындары! Ит асыраған жағдайда, иттің өзге тұрғындарға зиян тигізбеуін қадағалап, жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.

«Атырау қаласы әкімдігі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз